ТҰРЫМТАЙ

Аяңшыл аттың елпілі

Қалпағың алшы кигізер.

Аршынды ойдың сылқымы

Жүрегін тартып сүйгізер.

                  I

Үлгілі сөз бір сұлу қыз,

Теңіне тегін берілер.

Тең табылып салса көз,

Таранар сұлу, керілер.

 

Саналы жүрек, терең ой

Түбіне зейін сала бер,

Алдыңда сұлу, сұнды бой,

Мал берместен ала бер.

                                              Ғ.Қ.