ӘЛАЙ МА, АЛАШ

Бір құйылса шықпаған

Тиген жерін мықтаған.

Барша ғалым қаһар тұтса,

Ешбірінен ықпаған.

Айнадай жаны жарқырап

Дат қонып, кір жұқпаған.

Сирек шыққан бұл ерлер

Кең жиһанның жүзінде

Бармақтан жаны артпаған.

Ләйлі алқадір* кешінде

Көктен енген асыл рух

Жандарын жуып ақтаған.

Бір мен емес бұларды

Жетесіз жаман болмаса

Әркім де сүйіп мақтаған.

Қажет емес мақтауы

Алланың өзі жар болып

Әр қашанда жақтаған.

Жақтаған жолын құдайым

Қазадан, түрлі бәледен

Пана болып сақтаған.

______________

* Ләйлі алқадыр кеші  - қасиетті кеш.