БҰ ЗАМАН

Күле кірген дос-жарың,

Күңірене шыққан бұ заман.

Шығып алып, терең қып

Көрің, қазған бұ заман.

Жақсылықтың ақ жолын

Көрмей көзі көр болып,

Әжептәуір үлгіні

Көре қалған бұ заман.

Жауыздық өрлеп жоғары

Аспанменен таласып,

Ізгіліктің шырағы

Сөне қалған бұ заман.

Неше айтсақта бұ заман

Екі келмес бір заман.

Заман түрін ескеріп,

Қайғы етпеген біз жаман.


Бәрінен де сол жаман:

Телегей теріске аққанда,

Тел құлындар ұлаққанда,

Ұйқыда жатқан бұл жаман.

Өз қызығы өзімен

Ойнай да күлген ол жаман.

Жаман, жақсы баршасы

Бір тәңірге мәлім-ді,

Білгенімді сөйледім

Айып етпе, оқушы

Аяғы жетті сөз тамам.