БҰ ЗАМАН

Күле кірген дос-жарың,

Күңірене шыққан бұ заман.

Шығып алып, терең қып

Көрің, қазған бұ заман.

Жақсылықтың ақ жолын

Көрмей көзі көр болып,

Әжептәуір үлгіні

Көре қалған бұ заман.

Жауыздық өрлеп жоғары

Аспанменен таласып,

Ізгіліктің шырағы

Сөне қалған бұ заман.

Неше айтсақта бұ заман

Екі келмес бір заман.

Заман түрін ескеріп,

Қайғы етпеген біз жаман.