VIII ТАЛАП

Қайтейін қылығыңды қайран талап,
Жете алмай істеріңнің бәрін санап.
Шығынып құрық алып кетсе мұрат,
Жүйріктей ат ұстайтын шықтың жанап.
Кідірмей қазған орға, ой-шұңқырға
Сыдырып сала бердің жанамалап.
Озады талау тигір жете алман деп,
Қалмадың қорғалақтап бойың балап,
Кетсе де көрінім жер бойын жазып
Артынан қалмай барып жеттің сабап,
Жігіттің жан жолдасы жігер, талап
Берілген ерге сирек, құдай қалап.

Сөз жаздым бір азырақ замандасқа,
Бір жүріп, бірге тұрған көңіл қосқа.
Ақындық ішке симай шығармадым,
Шығардым жаным ашып жақын досқа.
Халықтың жайы-тойын көргеннен соң
Болмады төзуіме тұрып босқа.
Төзе алмай әрбір тұстан сөз қозғадым
Жыр толғап тыңдағанға беріп нұсқа.
Ғыбырат тыңдағанға бар-ды мағна
Болса да бойы шағын, сөзі қысқа.
Көп сөйлеп сөз аяғын созбайын деп
Қысқарттым келгенінде осы тұсқа.