НАДАНДЫҚ

Надандық келген жерден білінеді,

Сөз айтсаң жауап таппай мүдереді,

Күнәлі еместігін мойнына алып,

Бәлеге өз сөзінен ілінеді.

Ғақыл сөз үгіт етіп айта қалсаң,

Қорағаш алып қарсы жүгіреді.

Жүр бері адам етем десең сені

Аяғын еш баспайды кідіреді.

Барма олай, алдыңда тұр пәле дейсің,

Ұмтылып соған барып сүрінеді.

Жақсы іске сүле болып жүрсе дағы,

Келгенде жамандыққа тіріледі.

Сүйкімсіз надан адам қайда барса,

Хош алмай әрбір жерден сүрінеді.

Жалпылдап еш қалмайды жаман жерден

Ішкі ішіп болса жиын бүлінеді.

Келтіріп әр нәрсені орынына

Бір қылған ішкі ішпегі міні ме еді.

Бұның не, лайық емес, таста десең,

Себептеп өтірікті сіміреді.