ӘДЕП

Жігіттер, жаның жаста әдеп үйрен,

Қаш жырақ, әдебі жоқ істен жирен. 

Сүйкімді әдеп тұтпай бола алмассың,

Әдепсіз, жоқ мінезі тәңрі сүйген.

Мінезін, оның қалай тәңірі сүйсін,

Өзінен кесірі асып жұртқа тиген.

Қарттардың бұрынғы өткен айтқаны сол,

Тентек деп, ұяты жоқ суға сиген.

Білікті, өнері сол оңған елдер,

Олардың жасы, қарты әдеп білген.

Көрмессін, ол елдерде біздегідей,

Сұмырайды жөнді білмей қисық жүрген.

Белгілі өнерінің арқасында,

Татымды ғұмыр етіп рахат сүрген.

Келеді надандықтан әдепсіздік

Болмайды, одан хлас* надан күймен.

Біледі жамандықты жақсылық деп,

Көзі жоқ надан соқыр нені көрген?!

Наданның исі шығып білінеді

Сәлемді жетіп келіп берген  жерден.

 ___________

 * Хлас – құр қалу, жоқ болу, біту, айырылу.