X АДАМДАР ДІНДІ САҚТАЙ МА, ЯКИ ДІН АДАМДАРДЫ САҚТАЙ МА?

Бұл сұрақтарға нақты жауап беру үшін әуелі дін дегеніміз не, діннің кісіге әсер ықпалы қалай? – соны білуіміз керек. Сонан кейін ғана аталған сұрақтарға жауап беруге болады. Көптеген кісілердің пікірінше дін азаматқа тән нәрсе емес, өз алдына жеке пайда болған нәрсе делінеді. Бұлардың ойынша дін муһнин делінген нәрсе, ғылыми түрде сену, илану деп қарайды. Сонымен қатар олар әлдекімдер тарапынан шығарылған бағзы нәрселерге табынады, және жұмақта мәңгі жасаймыз деген соқыр сенімде жүреді. Шындығына келгенде, олардың айтқанындай болса, дін кісіні сақтай алмайды, керісінше діннің өзін кісілер сақтау керек болады. Мұндай дін ақиқат ғылым, біліммен бірге жасай алмайды. Біреулер халық көзі неғұрлдым ашыла түссе, дінің де тынысы тарыла түседі дейді. Алайда,  Құран кәрімнің айтуынша дін жалған нәрсе емес, ағайындардың шын табиғи сенімі. Бұған қарағанда ешқандай адам дінсіз өмір сүре аламйды. Жақсы болсын, жаман болсын әркімнің өз діні болады. Мәселен, бір кісі дұрыс сөйлеуді өзіне әдет қылған, дүниедегі барық нәрселерді өз қалпында көрсете білген. Бұл кісі осы қасиет-мінезді өзіне дін етіп тұтқан. Бұл сенімі оны жалған айтудан тиып, әр нәрседен сақтайды.


Екінші біреу құдайға сендім десе де іс жүзінде керісінше әдет қылады. Соған дағдыланған. Осындай адамдар ауызекі сөйлегенде ләйилаһа илалла мұхамадүррасулалла десе де*, іс жүзінде тағы да бірнеше ұсақ, кіші тәңірлерге табынады. Бұл пайғамбарымыздың жолына ашықтан ашық қайшылық екендігі белгілі. Бұларды иманды адам дейміз бе, әлде кәпір дейміз бе? Бұндай үш топтаға адамдардың үшеуінің де үш түрлі діні бар. Ең әуелгісі, әрі пайдалысы – құдайға сыйынған. Басқалары әртүрлі діндерді ұстанған. Дінді жасанды деушілерге қарағанда бұлар біршама тәуірлеу. Қысқасы, адам көңілі әр нәрсеге қуалай берліп, бой ұсынса, ол соның діні болады. Демек, Әшшайық Жамалледин Әл Афғанидің айтқан жолы осыған саяды. Сондай-ақ, дін адамдарға мүдуар емес, адам дінге мұқтаж, адамдарды дін ғана дүниеге мәлім етеді.

Ислам қауымындағы бірқатар адамдар нақты, ақиқат дін жолын тұтпай, дінді теріс ұғушылар пікірін малданып, қараңғылыққа, надандыққа қарай бет алады. Біз оларға: «Сіздер құдайдың нақ дұрыс жолына түсуге әрекет етіңіздер, теріс пікірлерге алданған істеріңізден дұрыс қорытынды шығарыңыздар» дейміз.

Біздің халқымыз ақиқат дінді ұстаса, біз надан, жалқау боп қараңғылықта қалмаған болар едік, ұрлық, қиянат, арақ ішу, карта ойнау сияқты халықты бұзатын қылықтардан ада болар едік. Демек, шын дінді тұтсақ, әлем алдында масқара болмаймыз. Жоғарыда айтылғандай жаман мінез-құлықтардан аулақ болған болар едік. Ақиқат дін жолмен жүріп тапқан киім-кешек, тамақ, үй-жай сияқты игіліктеріміз адал болады да, өзге жолмен тапқан нәрселеріміз арам болады. Қайдағы бір ескі ырым-сырымға сыйынып дін жасау лайықсыз. Қайталап айтамын, ақиқат дін еш адамның желеп-жебеуіне мұқтаж емес, ал діннің өзі адамдарды дұрыс сақтай алады, дұрыс жолға бағыштайды деп дәлелденген шындық. Құранда осылай айтылған.

_______________

* Алладан басқа тәңірі жоқ, Мұхаммед – алланың елшісі – (осы сөз иманның бірінші белгісі)