МҰҒАЛІМДЕРГЕ

Кешегі кезде,

Жүрдіңіз сіз де

Аяқтарың майысып.

Ерте алмай елді,

Баса алмай шерді

Қабырғаңыз қайысып.

Ел жұмысы есеп пе?

Ауырламай десекте.

Кекшейтіп басын,

Бұл етіп асын,

Шай құйдырды қонаққа.

Бай берсе етін,

Молда айтты ретін,

Ашты есік жұмаққа.

Шайын жасап солардың,

Жұмысына жолалдың.


Сәлделі діншіл,

Хайлалы күншіл,

Дін бұзады деп зарлады.

Кесірі тиіп,

Ақ жолдан тиып,

Өнер алға бармады.

Оқу дінді бұзар ма?!

Надан алға озар ма?!

Жарық таң атты,

Жарғанат жатты.

Енді бауырым қарышта.

Аяқ бас ілгері,

Адымда жүр бері,

Қатарыңнан қалыспа.

Күшті құрал қолыңда

Кеселдер жоқ жолыңда!