МҰҒАЛІМДЕРГЕ

Сәлделі діншіл,

Хайлалы күншіл,

Дін бұзады деп зарлады.

Кесірі тиіп,

Ақ жолдан тиып,

Өнер алға бармады.

Оқу дінді бұзар ма?!

Надан алға озар ма?!

Жарық таң атты,

Жарғанат жатты.

Енді бауырым қарышта.

Аяқ бас ілгері,

Адымда жүр бері,

Қатарыңнан қалыспа.

Күшті құрал қолыңда

Кеселдер жоқ жолыңда!