Өмірбаяны

Ғұмар Қараш – әртүрлі мерзімді баспасөз беттерінде көп жазған қаламгер. Ол шығармаларын «Ғұмар Қараш баласы», «Ғұмар Қарашұлы», «Ахунд  Ғұмар Қарашұлы», І «Ғұмар әл-Қараши», «Бөкей елінің бір баласы». «Ғұмар Қараш», «Ғ. Қ», «Ғ. Мұштақ», «Ғабдолла Мұштақ», «Қазақаев», «Ғұмар Қарашев», «Оразақай» деген есімдермен жариялап отырған. Ол «Ғабдолла Мұштақ» бүркеншік атын «Қарлығаш», «Тумыш» жинақтарында және «Шайыр», «Көксілдер» топтамаларындағы өз шығармалары соңында колданады. Ал, «Қазақстан» газетінде (1911, № 2. 27 май) жарияланған «Тіршілік таласы» атты мақаласында өзі шыққан елінің атымен «Оразақай» деп қол қояды. Ал, «Ғ.Мұштақ» –«Тумыш» жинағында және «Әділ мырза мен ару Шандоз» әнгімесінде кездеседі. Бірақ, әңгіме соңында ақын өзінің мекен-тұрағы мен  аты-жөнін толық жазған.