ӨТІНІШ (Неке туралы)

Баспа арқылы барлық көпшілікке, оқырман қауымға арналған неке туралы заңды қабылдау шарт. Мұндай заң болмайынша неке мәселесі дұрыс болмайды. Сондай заң болмағандықтан неке бұзушылар көріне бастады. Әсіресе, еркектер жағында көбірек кездеседі. Ашу үстінде еркектер әйелдерді жәбірдейді, осының бәрі де белгілі заңның жоқтығынан. Шын мәнінде әйелдер құқын қорғайтын әділ қазылар жоқ. Сол себептен он-он бес, тіпті жиырма жыл бірге тұрған жұбайлардың айрылысуы осы жайлардың жолға қойылмауынан. Сол үшін осындай адамдардың көз жасын ескеретін әділ шара керек. Міне, осы мәселе төңірегінде баспа бетінде сөз қозғау қажет деп білемін.

Бөкейлік княз Шыңғыс хуторында имам Габушкүр мәселенің маңызын толық түсініп, «мен де бұл өтінішке қосыламын, сонымен қатар Мұса әпәнді Бегеев сияқты оқымыстыларға осы мәселе жөнінде шара қолдануын өтінер едім» деген.