ӘСЕР

«Тәжіман» газетінің 30-санында Қазаналы Ғияс әпендінің тіл туралы бірнеше пікірлерін оқып, осы мақаланы жаздым.

Ғияс әпенді ана тілін қолдануды, оған шет ел тілдерін араластырмау туралы орынды айтқан. Бірақ, сөйте тұра ол кісі араб, парсы сөздерін көп қолданған.

Менің есіме осыған байланысты мешерлер туралы бір әңгіме түседі. Бір топ мешерлер жиналып, сөзімізге орыс тілін араластырмайық деп әңгімелеседі. Іштерінен бір молла түрегеліп, жұртқа қарап: «Жамағат, слышите бұдан әрі әтнюд орысша сөзлешпеңіз» деп, ең соңында «Доб-добрый, бик добрый» деп тарасқан екен. Бұ сөзді мен «қызым, саған айтам, келінім, сен тыңта» дегендей жазып отырмын.

Біздің ойымызша ана тіліміз алға бассын десек, ең жақсысы атақты басшы Риза, Фатих, Мұса әпенділер сияқты жазуларымыз өз сөздеріне бір де шет ел сөзін кірістірмей сөйлеуге әдеттенсін. Шешендік сөздерді шет ел сөздерімен шұбарламасын. Өйтпейінше, халыққа біз сөзімізді жеңіл түсіндірдік деп айта алмаймыз.