СӨЗ АЯҒЫ

Қатты ұйқыда жатқан қандас, діндес халқымызды ояту үшін масадай ізіңдап, шыбындай шағып қарау міндетіміз. Бұған да оянбаса, «Заман» деген темір таяқтың ұшы  жанды жерлеріне тиген күні қалай секіріп тұрғандықтарын өздері де білмей қалар. Бірақ, о күнде қатты оятқандықтан басы айналып, меңіреуленіп, жан-жағында жақын тұрған отқа, суға түсіп кетуі, болмаса беті бүркеулі жатқан қақпандарға ілініп, алымды айлакерлерге жем болуы да ықтимал! Ынсаф таразысы қолында болған оқушылар мақсатқа түсінер, сөге жамандамас. Діннің хақиқат уә пәлсапаларынан қашық қалып, баққандары тарихтың жолына бөгет салу болған адамдарменен ешбір алыс-берісім жоқ.

 Бітті

1913 жыл 6 хамал.