II ЫҒДИҒАТ (ИМАН)

 

Адаманың әрбір істеген һәм істеуге жүрген ғамалдарының баршасына түп негіз «ығдиқат» деген нәрсе болады. Адам әр істі әуел істерінде ойлайды; мұнан соң өзінше

бір-бір жақтан қарағанда, пайдалы деп табады да істей салады. Міне, біздің бұл сөздерімізден екі нәрсе білінеді. Бірі, ешбір істі адам ойлап алмай істемейді. Екіншісі, ол іс өзіне, я болмаса халқына пайдалы деп ығтиқат байламай (иман келтірмей)  істей алмайды.

Бұдан сол туады: дүниеде ғамалі (ісі) бұзық адамдардың ығтиқаты бұзық, сол себепті жаман істерді істей береді. Ғамалы түзік адамдардың ығтиқаты түзік, сол себепті жақсы істерді істегісі келе береді.

Әр ғамалдың түп негізі ығтиқат болғаны үшін де дініміздің басшысы Құран шәрифте иманды көп мақтайды, соның сауабын басқа ғамалдардың сауаптарынан артық етіп бізге аңғартады. Оның үшін әр ізгі ғамал ығтиқат болса, барша ғамалдың ұйтқысы ол кісіде табылған болады. Соның үшін Құран шәриф иманға зор баға тағайын етеді. Әмме еш те ойлай көмеңіз: «Бұ Құран шәрифте әр орында мақтаған иман, қазіргі заманымыздағы көп кісілердің түсінуінше құр ауызбен ғамалда әсері жоқ – «аманату биллаһи уә мәлеикэтиһи уәктубиһиды»* оқу деп, Құран шәриф нәзірінде: ғамалға ұйытқы бола алмайтын ығтиқаттың тозаң құрлы қадір-құрметі жоқ. Асылында ол иман емес. Құран шәриф иманды әсерімен өлшейді. Иманның әсері ізгі ғамал болады.

____________

*Мен сенемін аллаға, оның періштелеріне және кітаптарына....