I АЛҒЫ СӨЗ

Надандық себепті халқымыз арасында жайылмақта болған қата иғтиқат* уә зарарлы ғадеттер бек көп. Оларды бірден сыпырып алып тастау еш мүмкін емес; қашан халықтың ұлы, қызы бірдей оқып мағрифат хасыл** етсе, бұл надандықтан келген ғадеттер өз-өзінен бітешек. Солай да болса, бұлардың ішінен, бірнеше бастыларын айтып, себептерін көрсетіп бұ «Өрнек» атты  кітапшаны жазып таратуды тиіс көрдім: бәлки, жүзден біреу оқып, орын алса да, пайда болар. Көре тұра  үндемей «тілсіз шайтан» болып тұруды тарих мақтамас. Қой бүйтіп жалқаулыққа бойсынып жатып қалғанша, білген-көргенімді айтып қалайын дедім. Ниетім дұрыстығына түсінген жандар сөге жамандамас.

________________

* Иғтиқат- сенім.

** Мағрифат хасыл етсе – сауаттанса.

 

                                                                                                         Ғұмар Қараш баласы.