VI "ШОРА"

 

«Шора» журналы шығуының екінші жылындағы 21-санында: «Ислам дініне көзқарас және оған қалтқысыз қызмет көрсететін кімдер?» деген бір сұрақ басылды. Соған берер жауабым:

Ислам дініне адал қызмет көрсеткен кісі Шейх Мұхаммед Ғабдуһу екендігінде дау жоқ. Дәлелдерім: 1) исламның негізгі тағлымы құран кәримнен алынуға тиіс. Құранды ең жақсы, дұрыс тәфсір арқылы білген кісі Расул алла салолаһу ғаләйһи уәссаламнан* кейін бұл күнге дейін келген жоқ. 2) Ислам дінін әлсіретуге ең басты себеп құранды дұрыс түсіндіре алмаған шала, дүмшелер еді. Үйткені ислам қауымы арасында бұрын шыққан кейбір кітаптарда ислам діні туралы дұрыс түсінік берілмегендіктен, теріс түсінік қалыптасты. Тек ғана Шейх Мұхаммед Ғабдуһу кітабы шыққаннан кейін ғана түсінігіміз молая бастады. Дін үшін бұдан артық қызмет еткен адам жоқ деп есептеймін. «Ғалым дұшпаннан надан досың қауіптірек» деген сөзді осы жағдайлар дәлелдесе керек.

_______________

*«Пайғамбарға рахым қылсын, денін сау қылсын» деген бүкіл Үмбетінің тілегі.