III ҚАТЫСУ. ЕСІРІК ӘКІМ. ТӨРТ ҚАТЫНДЫ ХАЗІРЕТ. ЕГЕР ҰЯТ АРА ТҮСПЕГЕНДЕ

Адам жеке басының қаракетімен ғана көздеген мақсатына жете алмайды. Адам өмірінің мәні қауымдастық. Демек, өзгелермен қарым-қатынас, жәрдем, көмектесу арқылы ғана мақсаттарын орындай алмақ. Адамның аюандардан айырмасы осында. Адам ғылым, білім – рухани жағынан да басқалармен қарым-қатынас жасауға мақтаж болады. Егер, бір адамға Лұқман хакімнің ақылы берілсе де, ол басқалармен қарым-қатынассыз жалғыз өзі ештеңе тындыра алмайды. Сол себепті, адамдар бір-бірімен қатысуға, пікірлесуге, ортақтасуға қандай ұлы болса да өзін басқалардан зор санап, қауымнан оқшау ұстамауға тиіс.

Такаббарлық, өзін басқалардан зор санау адамзат қауымдастығының қағидасына қайшы келеді. Барлық жаман әдет-ғұрып осыдан шығады. Бұл көбінесе, мәнсап иелерінде кездеседі. Сондықтан, олар есірік әкімдер деп аталады.

Төрт қатынды бір жолы алған, яки бірін алып, екіншісін жіберіп отырған хазіретті көріп, біліп пе едіңіз? Өйткені, олардың ұялатын, қысылып-қымтырылатын шамасы жоқ.

Заманымыздың бір оқымыстысы: «кісіні әрбір осалдығынан ұяты ғана тияды. Кісі өлтірмек, шіркеу бұзбақ, ойнас қылмақ және басқа әртүрлі жаман істерді істеу жеңіл, ол әркімнің қолынан келеді. Егер бұл істерге ұяты ара тұрмаса» деген еді. Бұл - өте бір дұрыс сөз. Демек, осы жоғарыда айтылып өткен қағидаларды тұта алмағандықтан ислам халқы, әсіресе, Россиядағы түркі халықтары өзінің қатын, қыздарын мықты ұстайды. Бірақ, мықты ұстаған сайын бұзықтық өсіп бара жатыр. Оларды ақыл-ұят арқылы ғана ұстауға болар, Ұзын сөздің қысқасы кісі болайын десеңіз, адамдармен қарым-қатынас жаса. Төрт аяқты аюандар дәрежесінде қалғың келсе, өзің біл. Әркім өзін өзі ұстай білсін.