II ОТАН ЖӘНЕ ҰЛТ РЕФОРМАСЫ

Бірқатар адамдар Отан, ұлт мәселесімен тек жоғары лауазымды және ойкешті адамдар айналысса болар деседі. Отан, ұлт мәселесі баршаға ортақ. Әркім үлкен де, кіші де бұл жайлы ойласа керек.

Отанға, ұлтқа, қызмет ету жоғары мәнсапты яки бай адамдарға ғана міндетті емес. Ниеті, ықыласы дұрыс болса, жәй, орташа адамдар да Отанға қызмет ете алады. Әр кісінің өзіне тиісті борышы бар. Әркім шамасы жеткенше қолынан келген істі атқарса болады. Жәй адамдар өз міндеттерін адал атқарса, ол күрделі, ұлы істердің бітуіне үлкен септігін тигізген болар еді. Бір оқымысты «ұлы адамдардың шығармаларындағы қағидалар жәй адамдардың өмірі арқылы іске асады. Егер ол шығарма өмірге қажетсіз болса, ол мәнсіз нәрсе болып қалады» деген еді. Соның үшін әрбір кісі қоғамның мүшесі екенін сезіне отырып, өзіне жүктелген қызметті атқаруға міндетті. Әрбір адам өзінің халқы үшін қызмет етсе, оның ісі үй-ішіне-де, ағайын-туысына да, халқына да пайдалы болады. Демек, Отанды, ұлтты жаңғырту үшін әр адам өзіне тиісті сеніммен атқаруы керек. Сонда ғана бұл іс жүзеге аспақ.