ОЙҒА КЕЛГЕН ПІКІРЛЕРІМ ОРЫНБОР, 1910

АЛҒЫ СӨЗ 

Бір тәңірден басқа бар нәрсе өліп, өзгеріп тұрмақ та. Сол себептен адамзаттың және оның түйсік-сезімі де ылғи да бір халден екінші халге өзгеріп тұрады. Адамзат ойындағы кейбір нәрселер дұрыс, пайдалы деп есептелсе, енді бір кезде олар пайдасыз саналады. Бұл нәрселер болмысқа лайық түсініктер. Дұрысты бұрыстан айыру, сол туралы түсініктерді ажырата білу – адамзат ойының негізгі міндеті. Мен осылар туралы ойларымды бір жүйемен баяндауды парыз санадым. Біз сияқты пікір иелері осындай келелі мәселелер туралы өз ой-пікірлерін ашық айтуы керек. Мораль, әлеуметтік мәселелер жөніндегі өзімнің пәлсәпалық ой-пікірлерімді баяндап отырмын. Қателері болса, пікір білдірсеңіздер, шын жүректен алғыс айтамын.