ҚОРЫТЫНДЫ ӨЗІН ТАНЫҒАН ЖАРАТУШЫНЫ ДА ТАНЫР

 

Бір адам қаншалықты ғалым болса да барлық нәрсені біле бермейді. Ол өзін және өзіне қатысты жайларды ғана біледі. Ол өзін тани білсе, сонда ғана жаратушысын да тани алмақ. Адамның хақын жеу, қылмыс жасаудың бәрі де адамның өзін-өзі билемеуінен туады. Мәселен, қоғамда қылмыс жасаған адам өз әрекетінің қоғамға қанша зиян келтіретінің білмейтіндіктен істейді. Олар кінәлі өзіміз, басқаларға зиянымыз жоқ деген жеңіл ойда болады. Сайып келгенде осының барлығы адамның қоғамдағы өз орнын білмеуінен туындап жатады.

Осы шындықтарға сүйіне отырып, кітабымның бір бөлігін тәмәмдадым, аллатағала ғұмыр берсе, екінші бөлімін жазуға кірісемін. Сонымен сөзімді тәмәмдаймын.