ӘР ІСТІҢ МЕЗГІЛІ МЕН МАҚСАТЫ БАР

 

Адам денесіне  хал-қуат, денсаулығы үшін азық-түлік қандай қажет болса, рухани байлық үшін де тиісті мағлұматтар керек.

Ақылдың дұрыстығына негіз болатын пайдалы мағлұматтар еңбекпен келеді. Сондай-ақ, мағлұматтарды өз мезгілінде, өз уақытында, кезінде алса ғана пайдалы болмақ. Тамақты өз уақытында қабылдағанымыз сияқты, рухани қажетті мағлұматтарды да өз уақытында ғана алып үлгіру қажет.

Бір мағыналы сөзді екі адам айтқанда екі түрлі әсер етеді. Ғұламалар мен жай адам айтқан сөздер әртүрлі ықпал, әсерге бөлейді. Ғұламалар, мұғалімдер қажетті білімді шәкірттерге өз уақытында ғана бере білсе пайдалы болмақ. Жоғарғы медреселерден, айтулы ғұламалардан білім алсаңда, біліміңді орынды пайдалана білгенде ғана тиісті нәтиже бермек.