ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ДАМУЫНА БАЙЛЫҚ-ИГІЛІКТІҢ ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

 

Русия мұсылмандарының байлары қаражаттарын көрген жерге мешіт, медресе салуға жұмсайды.

Бұл мәселе, сырттай қарағанда ұлттың өсуі-оянуы сияқты көрінгенмен, шындығында даму белгісі емес. Мешіт, медреселерден оқып шыққандар ұзаса молла, ишан болады, олардан үлкен ғұлама білімдар адамдар шыға қоймайды. Сондықтан олардың ұлт келешегіне де пайдасы шамалы. Мысалы, діни мектепте ұзақ оқығанмен де жаңалық ашпайды. Ал, он жыл орыс мектебінде оқыса, өмірге бейімделіп көздері ашылар еді. Орыстың ұлы ойшылы Лев Толстой мырза «Аштықтан өлім халіне жеткен арық, әлсіз бір сиырдың мүйіздерін әшекейлеп, құйрықтарын тарап, сылап-сипаудан қандай пайда келер еді?» деген. Құр тас үйлерді әшекейлеп сала бергеннен гөрі, оның ішіндегі адамдарға жақсы тәрбие бергені ләзім.

Бір бай үлкен мешіт салдырғанна гөрі бір ұлттық мектеп салдырып, соған сабақ беретін мұғалімдер даярланса, қажетті кітаптар алынса, газет, журналдар шығарып, арзан бағамен сатса, арық сиырдың мүйізін әшекейлеуден гөрі, оны жемдеп, күйлендірген іспетті пайдалы іс болар еді.