КЕЛЕШЕГІМІЗ ЖӘНЕ ҮМІТ

 

Келешек дегеніміз үміт, сенім екенінде дау жоқ. Әр адам, әр ұлт, әр халық өз келешегіне қожа болу үшін ең алдымен өздеріне сенуі керек.

Бір ұлттың адамдарында үміт, қайрат-жігер сияқты ерекшеліктер мықты болса, ол ұлт ғажайып сенімділікпен тез дамып кетер еді. Керісінше ұлт адамдарында қорқақтық, үмітсіздік қасиеттері жол алса, дамымақ былай тұрсын, өмір сұре алмау қаупіне душар болады. Аянышты хәліміз және бақытсыздығымызды айтуға біз мәжбүрміз. Демек, арамызда жаңсақ пікірлі, теріс ойлы адамдар аз емес. Бұлар ұлттың дамуына зор кедергі болады. Мұндай адамдар дүниені бір тар зындан, өмірді бір қараңғы түн сияқты сезінеді.  Олар көрсоқыр сияқты. Олар ұлттың келешегі жоқ деп байбалам салады. Керісінше, біздің ұлтымыздың болашағына сенімі мол. Біз ондайлардың алдауына берілмеуіміз керек. Рас, біз Русия түріктері мәдиниетіміздің даму деңгейіне қарағанда үш-төрт жастағы бала сияқтымыз.  Бірақ, біз кемшіліктерімізді біліп, алға ұмтылып, талпыныс жасасақ, сәбилік деңгеінен бір адым ілгері аттаған болар едік.

Оқыған адамдарымыз жоғарыда айтылғандай теріс пікірлерге ілеспей, халықты дұрыс жолға бастаса, ұлт басшылығы үшін жақсы іс болары сөзсіз. Мысалы, бір дәрігер өзінің алдына келген бір науқасқа: «жазылмас дертке ұшырапсыз» десе, ол үмітсіздікке душар болар еді, ал: «тәуірсіз, жазыласыз» десе, - сауығып кетер ме еді?

Сондай-ақ ұлтымызды болашаққа бастау үшін қолдан келген барлық жақсылығымызды аямайық. Қайталап айтамын, келешекке үмітпен қарауымыз керек.