НОҒАЙЛЫ

Ноғайлы ер туысқан елім екен,

Кір жуып, кіндік кескен жерім екен.

Суы бал, оты – секер қайран Борсы,

Ордалық кең орнаған көлім екен.

Қайыспас қабырғалы қалың жұртым,

Дұшпанға қарсы тұрар белім екен.

Сыйласып сыр сақтаған азаматтар,

Ағайын арасында желім екен.

Ел іші – алтын бесік, тербеген гүл,

Жүрекке салған желі керім екен.

Адал сүт әз анадан емген ердің,

Көңілі елге қарай иеді ме екен:

Бірге өсіп жамандығын көрмей кетсем,

Тілекті қадір ием берер ме екен?