АЛАШ АЗАМАТТАРЫНА

Ақ жүрек азаматтар, асқар күнің

Дұшпанды алдан байқап жасқар күнің;

Дұрыстық ел қамында еткен істі,

Қол соғып қошеметтеп қостар күнің;

Күш қосып, қол ұстасып сөз бекітіп,

Арадан алалықты тастар күнің;

Адасқан қойдай шулап ерген елді,

Бүлтармай оң бағытқа бастар күнің;

Аңқылдақ Алаш ұлы сеніп отыр.

Орнынан шығып, соны растар күнің!