(ИМАМ ҒАЗАЛИДЕН)

Жігітке жел бермесе жаздың күні

Хош иісті жайнап тұрған қызыл гүлі.

Көңіліне жар сағынған дерт салмаса.

Сыңқылдап домбыраның шыққан үні.

Жаны жоқ кеудесінде селт етерге,

Құр сүлде жүрседағы ол бір өлі.