Ғ..........................ҒА

Әрі жұмыс қолға алып,

Айға шапқан арыстан.

Таза жүрек ақ бейіл,

Терең ақыл, данышпан,

Тайғақ кешу жерлерде.

Тар қапулар келгенде,

Ұлт намысын қолынан,

Жібермеске шалысқан,

Қалың бауыр жұрты үшін,

Жасанған қолды бұзам деп

Жарып өтіп озам деп

Тізгін бермей қарысқан.

Жүлдені қалай берем деп,

Жатқа не деп ерем деп,

Ақиық айқын ерлермен,

Белсеніп шығып алысқан.