БӘРІ БОС

Дүние, мынау жалған – бәрі бос-ты,

Алланың бергеніне көңіл хош-ты.

Жәй күнде жайма шуақ, жарқылдақ дос

Тарлықта көзімізден бір-бір ұшты.

Қайғыңды, шаттығыңды бірдей бөлген,

Мен неге көре алмадым мұндай досты?!

Бар болса бұл жиһанда таппас па едім,

Бірдей боп жаратылған іш пен тысты.

Дүниеде һеш тұрақты нәрсе жоғы,

Осындай халден туып ойға түсті.