ӨМІР ПӘЛСАПАСЫ

Мысалы мынау жалған бір жел қайық,

Қылт етіп қия бассаң кетер тайып.

Таяныш, тұрағы жоқ болғаннан соң,

Бұлайша мысал етсек болар лайық.

Таянып тұрақсызға көңіл қойып,

Жүрмеңіз мәңгілікті жұртқа сайып.

Тіршілік бес күн небар тиген еншің

Пайдалан мейліңше қанат жайып.

Аз еншің, өкінішті жолға шашпа,

Келуі қайта айланып алмағайып.

Қалмайды ізі-жолың бұ жиһанда,

Кеткен күн тағдыр суы жуып, шайып.

Нені іздеп келіп едің қайда кеттің,

Бұл жұмбақ шешуі жоқ таңғажайып.

Анық сол: атқан таңдай әзі ғұмыр

Уақыты бітсе кетер әлі-ақ байып.