ТАҒДЫР ТУРАЛЫ

Жиһанда жанған сөнбек, толған сембек,

Не берсе сорлы пенде соны көрмек.

Жарық күн, қараңғы түн – екі тума,

Жанаса бір-біріне жуық жүрмек.

Бақ тасып, нұрын шашып тұрған шақта,

Сыңқылдап асық жарлар ойнап күлмек.

Бұлт жауып, бақыт ауып кетсе бір күн,

Шарасыз айырылуға тағы көнбек.

Бұл қалай, неге бұлай болды екен,

Азамат , ауыр соғар мұны білмек.