МАХАББАТ ТУРАЛЫ

Құдая, бар мұратың әрбір істе,

Кірмейді сырын ашу біздің түске.

Алайда, ақыл азса ер кінәлі,

Барлаймын ой жүгіртіп кейбір іске.

Тындырып зар жылаған асықтарды,

Жіберсе құдретіңе бұ да күш пе?

Бағымды аш, байлауым шеш, басым босат,

Зарлатпа қам көңілді ерте, кеш те,

Махаббат дидарынан енген сәуле,

Бір берген сәуле-нұрды енді кеспе.