VII КӨҢІЛ

Бір күнде судай шалқып тасқан көңіл

Талабы Қап тауынан асқан көңіл.

Құс жетпес қанат қағып ұшқан жіті

Жерлерге жетіп аяқ басқан көңіл.

Іс түссе елге қиын, екі талай

Қиюын тауып, жігін ашқан көңіл,

Болғанда осы мезгіл қажып, талып

Кір шалып айнасын тот басқан көңіл.

Тарығып басқа түскен жеңіл іске

Алақтап аз нәрседен сасқан көңіл.