VI ӨМІР

Ерініп жалқаулықта өткен өмір,

Біразы бос жүріске кеткен өмір.

«Қазқу»* деп жөнді басты бір іс етпей

Аяңдап ақырына жеткен өмір.

Өз жайын әлі күнге өзі білмей

Еттім деп бір іс үміт еткен өмір.

Жайы бар ажал күтіп жататұғын

Сонда да қайтпас тауы неткен өмір?

Қонарсын көзіңді ашып бір жұмғанша

Тарлықта алдың тосып күткен өмір.

____________

*Кітапта осылай. Өмірді бос өткізу мағынасында айтылған сияқты