V КЕМЕЛБЕКТІҢ ЖЫРЛАРЫНАН АЛЫНҒАН

Заман бар тапқанын жинап келсін

Азасын қолдан келген айта берсін.

Екі елі түз бағыттар жүзім тайса

Ер емес қара қасқа қатын білсін.

Иә мақсұт яки өлім, екіден бір

Алдымнан жолығуға қарсы жүрсін.

Жүрмесе өзім барып жолығармын

Құтылар жайы болса қашып көрсін.

Қашса да жетпей қойман біреуіне

Шанбаған қызығымды қарап тұрсын.