ҰЯТ

Тұрады ұят тұрған жерде иман,

Әдебі пайғамбардың бұған илан.

Әртүрлі бұзықтықтан адамзатты

Тек жалғыз бұ дүниеде ұят тиған.

Ұятсыз маған десе патша болсын,

Адамдық еш заты жоқ бойға жиған.

Анасы бар бұзықтың ұятсыздық

Жоқ мұндай бұ жиhанда құдай ұрған.

Ұрлық кісі өлтіру, мәтке басу –

Ұятсыз деп біліңіз бәрін қылған.

Дүниеде не жаман зат түгелімен

Келеді бәрі бірдей ұятсыздан.

hәртүрлі бұзықтықтың  бар кесірі

Ұятсыз кесіріне жетпейді сан.

«Түзелдім» десе жауыз нансаңыз нан,

Нанбаңыз ұятсызға берсе де жан.

Құдайым өзі сақтап тап болмағай

Отына ұятсыздың еш мұсылман.

Дүниеден ұятсыздық көтерілсе,

Тазарар еді сонда бүтін жиhан.