ЖІГЕР

Жігіттер, жалқау болма, жігерлі бол,

Жігітке еткен жігер ашық-ты жол.

Табарсың қылсаң талап жігер тұтып,

Жауады талаптыға әр уақыт нұр.

Таңдап ал! Бір өнерді өзің біліп,

Айрылма дайым соның артында бол!

Кешірме ғұмырыңды бос жүріске,

Тыңдар деп, жігіт, саған айтқаным сол,

Қолданып бір өнерді берік тұтсаң,

Тарылмас күндік риздық жетісер мол,

Бұ дүние жігер,талап дүниесі,

Жалқаулық құрбыларым еместі қол.

Жасында жалқау болып босқа қалған,

Сазайын кәрілікте  тартады ол,

Мұқтаждық нәмәрттерге телміртеді,

Сазайын жалқаулықтың тартқаны сол.

Жігерсіз жалқаулықта ғұмыр өткен,

Теңдікті емес адам, о да бір қор.

Жігерсіз біздің қазақ бақ, дәулеттен

Айрылды, әлі тағы көрері зор.